Меню KDT

Новости

Қазақ тілі-ел туы

Тіл халықпен бірге туып, бірге жасайды, сондықтан да әр-бір тіл өз елі үшін анадай ардақты. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деп Майқы бабамыз айтып кеткендей әр тілдің өз мемлекетінде алатын маңызы зор. Оларды бір-бірімен жарыстыруға, бәсекеге түсіруге болмайды деп білеміз. Өйткені әр тілдің өз даму тарихы, басынан өткерген тарихи оқиғалары болады. Кез-келген тіл өзінше қасиетті, өзінше құдіретті. Десек те, «ана тілің алпыс тілге татиды » дегендей әр халық өз тілін құрметтеп, ардақтауы тиіс."Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Қазақ тілі-ел туы" апталығы өтуде.. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысуда.
2021 жылдың 13 қазан күні "Н. К. Крупская атындағы №10 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
1-11 сынып оқушылар арасында "Менің Отаным-менің мақтанышым" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Барлық сынып оқушылар өте белсенді қатысты. Оқушылардың мәнерлеп оқыған өлеңдері әлеуметтік желіде (facebook) жарияланды.

Язык рождается и творится вместе с народом, поэтому каждый язык почитается как родной для своей страны. Как сказал Майкы, каждый язык имеет большое значение в своем государстве. Мы знаем, что они не могут соревноваться, конкурировать друг с другом. Ведь у каждого языка своя история развития,свои исторические события. Любой язык по-своему священ, по-своему всемогущ. И каждый должен уважать свой родной язык.
В КГУ " Средняя школа №10 имени Н.К. Крупской " проходит неделя" Қазақ тілі-ел туы". В рамках данной недели по утвержденному плану учителя казахского языка нашей школы принимают активное участие в проведении различных мероприятий, направленных на развитие языка, культуры, традиций и обычаев всех народов, проживающих в Республике Казахстан.















Просмотров: 208

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Директор школы Ельцова Ирина Борисовна

Министерство просвещения Республики Казахстан комитет по охране прав детей

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц289
  • За неделю61
  • Вчера13
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Ресурсы