Бүгін, 23 қазан күні, Н. К. Крупская атындағы №10 орта мектебінде Қазақстан Республикасының күніне арналған іс-шаралар аясында «Сені жырлаймын, менің Қазақстаным» атты ән байқауының гала-концерті өтті.
3–11 сыныптар арасындағы іріктеу кезеңінде 1-орын иеленген оқушылар бүгін гран-при жүлдесі үшін бақ сынасты.
Байқаудың бас жүлдесін 11 «Б» сыныбы жеңіп алды!
Барлық қатысушылар мен сынып жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз!
Сіздердің еңбектеріңіз бен шығармашылықтарыңыз мерекенің сәнін арттырды.
Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!