Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері 9-13 қыркүйек аралығында түрлі іс-шаралар өткізді.
Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері 9-13 қыркүйек аралығында түрлі іс-шаралар өткізді. Апталық іс-шараның мақсаты - оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Атап айтсақ, Қазақстан халқының тілдері мерекесі бастауыш сыныптарда «Отан отбасынан басталады» сурет көрмесінен басталса, 5-сыныптарда "Тіл-ұлттың жаны" интелектуалды ойнына, 6-шы сыныптарда «Қазақ тілін білесің бе?» викторинасына,7-сыныптарды «Қызықты қазақ тілі әлемі» сайысына жалғасып, 8-сыныптар арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды тану» тақырыбында презентация жасап, Абайдың өлеңдері жатқа айтылса, 9-сыныптар «Ойлы болсаң, озып көр» сайысымен, 10-сыныптар «Тіл – асыл ойдың бұлағы» тақырыбында эсселер бейқауымен аяқталды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері бұл апталықтың өтуіне ерекше мән берді. Мұғалімдер оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыруға, тіл мәртебесін көтеруге, таза сөйлеуге үйретуге, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін оятуға тырысты.