Мектебімізде Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай, 4-сынып оқушылар арасында «Өнер алды - қызыл тіл» тақырыбындағы тақпақшылар сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты – оқушылардың өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру және отансүйгіштік, адалдық, мейірімділік сезімін қалыптастыру. Оқушылар сайысқа белсенді қатысты. Жоспарланған іс-шара өз деңгейінде өтті.
Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!