Кеше Тілдер апталығы аясында қазақ тілінен 6-сынып оқушыларымен " Ойлы болсаң озып көр " атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Бұл сайысты Оралбаева Б.А. және Маликова Ж.К.өткізді. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру болды. Сайыс 6 кезеңнен тұрды, олар:
1. Таныстыру, сәлемдесу.
2. “Жекпе жек”
3. "Зымыран сұрақтар"
4. «Көрерменнен көрімдік» 5. « Кім жылдам?» 6. «Қызықты ұйқастар»
Бұл іс-шараға оқушылар аса қызушылықпен қатысты. Сынып екі топқа бөлініп, әр топ өзінің басшысын таңдады. Басшылары тапсырма орындап жатқанда, топ мүшелері зымыран сұрақтарға жауап берді. Келесі тапсырмада қимыл-қозғалыстың көмегімен жасырын сөзді таба білді. Енді бір қызығып орындалған тапсырма – сөздер ұйқастығын табу болатын. Мысалы: шустрый – пысық, кошка – мысық.
Қорытындысында оқушылардың бәрі де белсенді қатысып, жақсы әсер алды.