№ 10 мектепте Тілдер апталығының бірінші күні салтанатты жиынның ашылуы болды.
№ 10 мектепте Тілдер апталығының бірінші күні салтанатты жиынның ашылуы болды. Жоспарланған шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Мемлекеттің мәртебесін көтеру, жас ұрпаққа тіліміздің қадірі мен қасиетін таныту, Отанды сүюге тәрбиелеу, оқушыларды таза сөйлеуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараны «Тілге құрмет – елге құрмет» деген атпен өткіздік. Осы жиында оқушылар қазақ тіліндегі өлеңдер мен мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқып, құттықтауларын мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде жеткізді.