Оқушылар энергияның толық циклымен танысып, электр құрылғыларын қауіпсіз және тиімді пайдалануды, қажет емес кезде оларды сөндірудің маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, электр энергиясын үнемдеу табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауға қалай көмектесетінін білді.
Командалар бірге жұмыс істеп, тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешіп, нағыз «энергоэксперт» бола алатынын дәлелдеді.
Ойын нәтижесі:

1 орын — 5-сыныптар құрама командасы (24 балл)

2 орын — 6 және 7-сыныптар (21 балл)