Тілдер күніне арнап «Өнер алды – қызыл тіл» сайысы 5-ші сыныпттар арасында өткізілді.
Сайыстың тәрбиелік мәні: оқушыларды қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрету; сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға жылдам, дұрыс жауап беруді меңгерту; оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру.
Тіл – халықтың жаны, ұлттың рухы. Қазақ халқы ежелден сөзге шешен, тілге бай, ойға терең халық ретінде танылған. Осы ұлы дәстүрді жалғастыру мақсатында түрлі шешендік өнер сайыстары өткізіліп келеді. Солардың бірі – «Өнер алды – қызыл тіл» атты сайыс.
Бұл сайыс — оқушылардың тіл тазалығын, ұлттық болмыс пен ойлау жүйесін дамытуға бағытталған рухани-танымдық шара.
«Өнер алды – қызыл тіл» сайыстың кезеңдері:
1.“Бәйге” – қатысушылар жылдам сұрақтарға жауап береді;
2. “Шешуін тап” - қатысушылар алфавиттік жұмбақтар шешеді;
3. “Қазақстан” сөзінен сөздер құрады.
4. “Қай септік?” қатысушылар берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады.
5. “Мақалды аяқта” кезеңінде берілген мақалдарды аяқтайды.
6. “Жорға” жылдам сұрақтарға жауап береді.
7. Тіл көркемдігі сайысы – қатысушылар мақал-мәтел, нақыл сөздер арқылы ой түйіндейді;
Қорытынды: 5-ші сынып оқушылары жоғары деңгейде өздерінің білімдерін көрсете алды. Көп ұпай жинаған қатысушылар Мадақтамалармен марапатталынды.

Просмотров: 19
Комментарии