"Тірек нүктесі"психологиялық тренингі
Эмоционалды интеллектті дамыту қиын жағдайларда өзіне деген сенімділік пен тұрақтылыққа маңызды қадам болып табылады.
05 мамыр күні біздің мектепте білім басқармасының қолдауымен "психологиялық қолдау орталығы" КММ әзірлеген 9-11 сынып оқушыларына арналған "Тірек нүктесі" тренингі өтті.
Мақсаты: жасөспірімдерге дағдарыстармен күресуді, эмоцияларын түсінуді және басқаруды үйренуге көмектесу.
Жаттығулар адамгершілік көзқарас пен эмоционалды интеллект принциптеріне негізделген.
Тренингті педагог-психологтар жүргізді.Бұл әрбір жасөспірім ішкі тірек таба алатын және өмірдегі қиындықтарды жеңуді үйренетін кеңістік.

Просмотров: 10
Комментарии