Меню KDT

Жаналықтар

2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті орта білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау жүргізіп, еліміздегі ең үздік 100 мектепті анықтады.
Бағалау кезінде білім беру сапасын сырттай бағалау нәтижелері, мектептерге арналған PISA және PISA халықаралық зерттеулеріне қатысу, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі деректері (ББЖМ), мемлекеттік аттестаттау қорытындылары, оқушылардың жетістіктері, педагогтердің біліктілігі, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, тәрбие жұмысының тиімділігі, қолайлы мектеп ахуалы, ғылыми, экологиялық және әлеуметтік жобаларға қатысу бойынша бақылау және бағалау іс-шараларының қорытындылары негізінде кешенді талдау жүргізілді. Сонымен қатар басқарудағы ашықтық қағидаттары да ескерілді.
«Бұл ең үздік мектептердің тізімі ғана емес. Бұл – мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінен бастап ата-аналар мен оқушыларға дейінгі барлық мектеп ұжымының үйлесімді, кәсіби және жауапты жұмысының көрінісі. Әр бала өзін қолдайтын, шабыттандыратын және әлеуетін ашуға көмектесетін мектепте оқуы керек», – деп атап өтті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша біздің мектеп Қазақстанның үздік 100 мектебіне кірді! Бұл марапат – үлкен еңбектің, педагогикалық ұжымның адалдығы мен жоғары кәсібилігінің, оқушылардың ынта-жігерінің және ата-аналарды белсенді қолдаудың нәтижесі. Жоғары марапатпен құттықтаймыз және жаңа идеялар мен үлкен шығармашылық табыс тілейміз!



Просмотров: 25

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры Ельцова Ирина Борисовна

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

СҰРАҚ-ЖАУАП

Статистика

  • Осы айда258
  • Осы аптада58
  • Кеше6
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Ресурстар